№3 жылу-энерго орталығы жұмысын тоқтатты

313

Облыс орталығындағы №3 жылу-энерго орталығы өз жұмысын толығымен тоқтатты. Кәсіпорын 2 маусымнан бері тұралап тұр. Мекеме басшылары қаражат тапшылығынан амалсыз осындай қадамға барғандарын айтып ақталуға тырысты.

З-ЭнергоорталыкЖылу таратушы орталықтың берешегі белден келіп жатыр екен. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на бір млрд теңге қарыз. Соған байланысты аталмыш мекеме орталықты көгілдір отынмен қамтуын тоқтатқан. Соның салдарынан енді қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су беру мүмкін болмай отыр.

Есесіне орталық өзге жолмен есебін түгендеп алмақшы. Шілде айының бірінші жұлдызынан бастап жылу бағасы 19 пайызға қымбаттайды.