Көлік салығын төлеуден жалтармаңыз!

416

Салықтан жалтаратындардың қатары әлі де болса қалың. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 19 мың көліктің иесі міндетті төлем төлемеген. Құзырлы орган өкілдері қазынаға түсуі тиіс қаржыны қалтасында сақтап жүргендерді жазалауға көшті. Мемлекеттік кіріс департаментінің мамандары прокуратура, жол-патрульдік полициясымен бірлесе отырып, көлік иелерін салықты мәжбүрлеп төлеуге міндеттеді.

003

Ол үшін көлік салығын төлемеген азаматтарды анықтау мақсатында мобильді топ жасақталып, қала көшелерінде рейд жүргізеді. Алғашқы топ Арғымбеков көшесінің бойында тоқтатылған көліктерге сұрау салуға кірісті.

Рауан Батырбаев, Енбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы: «Біз прокуратура, «НұрОтан», жол-патрульдік полициясымен бірге рейд жүргізіп жатырмыз.»

Рейд барысында көлік салығын былтыр төлемегендер де анықталды. Еңбекші ауданы бойынша 37 мың темір тұлпар тіркелген. Шымкенттік Николай Шпырун да міндетті төлемді мерзімінде жүргізбеген. Оған кіріс басқармасының мамандары хаттама түзді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=B05lBtNAa1I[/youtube]

Николай Шпырун, қала тұрғыны: «Ия, 2014 жылға көлік салығын төлемеген едім. Әне-міне деп жүргенде уақытты өткізіп алдым. Енді қолыма хаттама алдым, міндетті түрде ертең барып төлеймін. Жұмыс басты болып кеттік қой.»

Мұндай шаралар мемлекет алдында берешегі бар соңғы көлік иесі есеп айырыспайынша жүргізіледі дейді жауаптылар. Естеріңізге сала кетейік, көлік салығын төлеу мерзімі 31 желтоқсанда аяқталады. Бұдан кешігіп, сылбырлыққа салынғандар әкімшілік шараға аясыз тартылады дейді мамандар.

Шынар Оразова