«Мәдениетім-мерейім» сахнасында – Сарыағаштың өнерпаздары

511
Би тобы "Жұмыр қылыш" биін ұсынды

Сарыағаш халық театры достыққа адал болуға шақырады. Облыстық «Мәдениетім – мерейім» байқауында өнер ұжымы Тахауи Ахтановтың «Жоғалған дос» трагедиялық қойылымын сахналады.

Спектакль желісінде басты кейіпкер Маңғастың мейірімділігі мен достыққа деген құрметі көрініс тапқан. Оның құрдасы Мырзахметтің қоғамда адасуы, отбасын тастауы, балаларына деген махабатының сөнуі де баяндалады.

37 жылдық тарихы бар театрдың режиссері Жангелді Мырзалиевтің айтуынша, достықтың құнын көрерменге жеткізу үшін автордың туындысына өзгерістер енгізуге тура келген екен.

 

көрмеге мақсары өсімдіктері де қойылды
Көрмеге мақсары өсімдіктері де қойылды
жоғары сұрыпты өнімнің аты - "Мөлдір"
Жоғары сұрыпты өнімнің аты – «Мөлдір»

Жангелді Мырзалиев, Сарыағаш халық театрының қоюшы-режиссері: «Негізі, шығарманың түпнұсқасында кейіпкер Мырзахмет өлмейді. Ал мен оны қойылымда «өлтірдім». Көпшілік мені қатыгез режиссер дейтін болар, бірақ, қазіргі қоғамда отбасын тастап, жаңа өмірге қадам басушылар көп. Сондықтан мұның соңы ұзаққа бармайтынын жеткізгім келді.»

IMG_1016

концерттік шараға 300-ден астам өнерпаз жұмылдырылды
Концертке 300-ден астам өнерпаз жұмылдырылды
Би тобы "Жұмыр қылыш" биін ұсынды
«Жұмыр қылыш» биі

Сарыағаштың өнерпаздары концерттік бағдарламасын «Тоғым хан» қойылымымен бастады. Шығармада хандардың билігі мен туған жердің қасиеті бейнеленеді. Бұдан бөлек сахнада халықтық, дәстүрлі ән, жыр-терме өнері де шырқалды.