Оңтүстікте жекеменшік каналдар тазартылуда

517

Оңтүстікте 230 жекеменшік канал бар. Оның 530 шақырымы арнайы жөндеуді қажет етеді. Бұл туралы «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен баспасөз-мәслихатында айтылды. Өңірдегі су қоймалары мен каналдарға жауапты ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары дамбыларды тексергенде көптеген кемшіліктердің барын анықтағанын жеткізді.

Анық болғаны, елдімекендерге жақын орналасқан су қоймаларында дабыл қағу қондырғысы мен қоршауы жоқ екен. Яғни, төтенше жағдай туа қалса тұрғындарды хабарландыру мүмкін болмай тұр. Осындай кемшіліктерді жою мақсатында бюджеттен 95 млн теңге бөлініп, 22 каналда жөндеу жұмыстары басталыпты.

Ал жекеменшік каналдарды ретке келтіру мақсатында да қыруар жұмыстар жүргізіліп жатқан көрінеді. Бірақ шығында канал иесі өтейді дейді маман.

Нұрбек Бадырақов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары: «Жекеменшік каналды тазалау ақылы түрде жүргізіледі. Шығынды канал иелері төлейді. Өйткен олардың техникасы, қажетті құралдары жоқ. Сол себепті арнайы келісім түзіп, тазалап жатырмыз. Оның тиімділігі – сметалық құжат дайындап, қаржы бөлмейміз».