Полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды

595

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері өзіне-өзі қол жұмсамақ болған жас қызды аман алып қалды. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

1111

1 маусым күні түнгі сағат 23:00 шамасында полицияның кезекші бөліміне Қонаев даңғылының бойынан суыт хабар түсті. Хабарласқан тұрғындар осын маңнан өтіп бара жатқан кезде көпірдің үстінде тұрған қызды көріпті.

Қоңырау шалғандардың айтуынша, бұл қыз кез келген уақытта төмен қарай секіріп кетуі  мүмкін еді.Оқиға орнына тез арада жол-патрульдік полиция полкінің бірнеше экипажы шұғыл аттанады.

– Бізге Қонаев даңғылының бойындағы көпірде жас қыз өзін-өзі өлтірмек болды деген хабарлама келіп түсті. Біз көпірге жақындай бере көпірдің шетінде отырған қыздың телефон арқылы сөйлесіп отырғанын байқап, оны аман алып қалудың шараларын жасадық- дейді полиция сержанты Арсен Ахметов.

33333

Тәртіп сақшылары жас қызға байқатпай келіп, қолынан ұстап алады. Содан кейін көпірдің қауіпсіз жағына өткізіп алды. Қызға алғашқы медициналық жәрдем көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.

4444

Болған жәйтті анықтау барысында қыздың не себептен мұндай қадамға барғанын білудің сәті түспеді. Себебі жас қыз түсініктеме беретін жағдайда емес еді. Бар анығы – оның жасы 20-дан асқан.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары болған жәйтті анықтау үстінде. Тергеу амалдары жүргізілуде.