Полиция қызметкерлері жетім балаларды қуантты

839

Шымкент қалалық ішкі істер басқармасына қарасты Қаратау полиция бөлімінде жаңадан салынған учаскелік полиция пункті ашылды. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

002

«Нұртас» шағынауданындағы тәртіп сақшыларының жаңа бекеті полиция күніне орай пайдаға беріліп отыр. Салтанатты іс-шараға ОҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Сәкен Айтбеков, Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Ғалымжан Исмаилов, ішкі істер органдарының ардагері Асылбек Тоқмағанбетов, «Нұртас» шағынауданының ауыл биі Еркінбек Базарбаев қатысты.

001 (2)

Қаратау ауданының әкімі Ғ.Исмаилов қызыл лентаны қиған соң барлық қонақтар учаскелік полиция пунктін аралап көрді.

001 (3)

28 мыңға жуық халқы бар «Нұртас» шағынауданында бұған дейін 2 учаскелік полиция пункті ғана болған екен. Енді, міне, ОҚО ІІД бастығы А.Оспановтың бастамасымен үшінші учаскелік полиция пункті ашылып отыр. Мұнда 4 учаскелік инспекторы жұмыс жасайды. Араларында ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы да бар.

001 (4)

Сондай-ақ, осы күні Қаратау ПБ бастығы, полиция полковнигі Асылхан Қалаубаев бастаған бір топ полиция қызметкерлері ҰОС ардагері Байсариев Жаулыбай ақсақалдың үйіне барып, Ахметова Ділдәгүл апамыздың қолын алып қайтты. Тәртіп сақшылары ішкі істер органдарында талай жыл қызмет еткен ардагердің жұбайын мерекемен құттықтап, ерекше сый-сияпаттарын жасап, құрмет көрсетті.

001 (5)

Шымкент қаласында тұратын ардагерлерді атаулы мерекелерде үйіне барып, құттықтап шығу ішкі істер органы қызметкерлерінің дәстүріне айналған. Ақ жаулықты ананың ақ батасын алып шыққан соң полиция қызметкерлері балалар үйіне жол тартты.

001 (1)

Бұрынғы Сайрам ауданы, қазіргі Қаратау ауданының қызмет көрсету аймағында №4 балалар үйі орналасқан. Онда 18 жасқа дейінгі 96 бала тәрбиеленуде. Полиция қызметкерлері жыл басынан бері осы балалар үйін қамқорлыққа алған екен.

001 (6)

Жеке құрам қызметкерлері осындағы тәрбиеленушілерге азық-түлік, ойыншықтар мен киім-кешектер апарып берді. Базарлыққа қуанған балалар полицейлерді мерекелерімен құттықтады.