«Шымкент құстың» тауық жұмыртқасын таңдаңыз!

Жаз келіп, күн ысып, азық-түлік заттардың бұзылмай сақталуы қиындаған сайын, денсаулыққа пайдалы, залалы жоқ асты таңдап алу да қиындай түседі. Солардың бірі – тауық жұмыртқасы. Күнделікті тамақ рационында негізгі орын алатын тауық жұмыртқасының адам ағзасына пайдасы мол. Ал, енді осы жоғары сапалы, құрамы құнарлы әрі ескірмеген тауық жұмыртқасын қалай таңдап, қайдан сатып аламыз?

21-021

Оңтүстік өңірде, дәлірегі Шымкент қаласында сапалы тауық жұмыртқасын өндіретін жалғыз мекеме бар. Ол – «Шымкент құс» ЖШС. Осыдан жарты ғасыр уақыт бұрын жұмысын бастаған «Шымкент Құс» компаниясы өндірген тауық жұмыртқаларының артықшылығын білу үшін өндіріс орнына барып, ондағы тауық ұсталатын базалардың жағдайын, тауықтарға берілетін жемнің құрамы мен жұмыртқаларды сұрыптау, қаптау барысын өз көзімізбен көріп қайттық. Өнім сақталатын қойманың да жай-күйін білдік.

21-018

«Шымкент құс» ЖШС – облысымыздағы сапалы тауық жұмыртқасын өндіретін бірден-бір кәсіпорын. Мұнда 300-ге жуық адам жұмыс істейді.

Қалаға жақын орналасқан «Шымкент құс» ЖШС 15 тауық базасы бар. Онда 700 мың бас тауық ұсталады. Оның 560 мыңы – жұмыртқа табатын кросс тауықтары.

Майра Шертаева, «Шымкент құс» ЖШС директорының орынбасары:

– «Шымкент құс» компаниясы өндірген барлық жұмыртқаларда өндірілген уақыты көрсетіледі. Басқа тауық жұмыртқасын өндірушілер мұндай белгі қоймайды. Міне, сондықтан тұтынушы балғын, сапалы, әрі экологиялық таза жұмыртқаны сатып алады.

Компания жылына 123 млн дана жұмыртқа өндіреді. Тәулігіне 400 мың дана жұмыртқа сатылымға шығарылады. Негізі тұтынушы – Шымкент халқы.

Тауық жұмыртқасының сапасын анықтайтын ең маңызды шарттардың бірі – оның құрамы. Ал, бұл ретте «Шымкент құс» ЖШС тауық жемінің сапасына аса қатты мән береді. Тек табиғи қоректік заттарды пайдаланады. Жемге түрлі дәрумендер қосылады. Мұның барлығы арнайы технолог мамандардың жіті қадағалауымен жүзеге асады. Осыдан бірнеше жыл бұрын қатерлі ісік ауруларының алдын-алуға арналған селенмен байытылған жұмыртқалар шығарыла бастады. Жұмыртқаның сапасын зертханада тексеруден өткізеді.

«Шымкент құс» ЖШС бес түрлі санаттағы тауық жұмыртқаларын өндіреді. Салмағына қарай, супер, бірінші санат және т.б. сұрыпталады. Есте ұстайтын жайт, сұрыптағанда жұмыртқаның салмағы өлшенеді. Бұдан бөлек, «чемпион», «үй жұмыртқасы», «диеталық», «селенмен байытылған», «алтын жұмыртқа» деген түрлері шығарылады. Әркім өз қалауына сай қажетін сатып алады. Мұншалық көп жұмыртқаны қалай сұрыптайды, деген сұрақ туындайды.

21-019

Кәсіпорынның сұрыптау-қаптау учаскесінің барлық жұмыс процессі Голландияның Staalkat техникасымен жүргізіледі. Бұл техниканың ерекшелігі, жұмыртқаны сұрыптау-қаптау процессіне адам араласпайды. Яғни, барлық шаруаны Staalkat машинасы атқарады. Алдымен тауық базаларынан жылжымалы желі арқылы тікелей жеткізілген жұмыртқаны сыртқы қабығының бүтіндігін анықтайды.

Зақымданғанын алып тастайды. Одан кейін жұмыртқаны салмағына қарай жіктейді. Сосын жұмыртқаларға заттаңба мен өндірілген мерзімі жазылған белгі соғады. Кәсіпорынның мөрі мен өндірілген мерзімі басылған жұмыртқа лотоктарға салынады. Ары қарай қорапқа жиналып, қоймаға жөнелтіледі. Қоймадан тіке автокөліктерге тиеліп, саудаға шығарылады.

Мұндай жұмыс процессінің артықшылығы неде? Біріншіден, жоғарыда айтқанымыздай, Staalkat құрылғысы жұмыртқаны сұрыптау процессіне адамды қатыстырмайды. Барлығын рет-ретімен, нақ салмағына қарай сұрыптайды.

21-016

Жарамсызын алып тастап, тек сапалысын жібереді. Екіншіден, барлық жұмыртқаларды өндірілген мерзімі бойынша таңбалайды. Тұтынушы жұмыртқаның өндірілген мерзіміне қарап, қанша уақыт өткенін есептейді. Демек, сіз өзіңіздің қай кәсіпорынның жұмыртқасын сатып алғаныңызды және қашан шыққанын анық білесіз.

21-020

Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасындағы тауық жұмыртқасын өндіретін құс фабрикаларының ішінде тек «Шымкент құс» ЖШС ғана өз өнімдеріне заттаңба соғып, шығарылған мерзімін көрсетеді. Бұл да өнім сапасына кепіл.

Мұны білудің маңыздылығы зор. Өйткені, қазір жергілікті нарықта өзге облыстардың кәсіпорындарда өндірілген тауық жұмыртқалары қаптап кетті. Тіпті, көршілес Ресейде өндірілген тауық жұмыртқаларын Оңтүстік Қазақстанның тұтыну нарығына әкеліп жатыр. Сыртында ешбір заттаңбасы жоқ, өндірілген мерзімі көрсетілмеген, сапасы күмәнді тауық жұмыртқалары көбейді. Осыдан тұтынушы сапалы жұмыртқа таңдай алмай дал болады.

21-015

Сырттан әкелініп жатқан тауық жұмыртқаларынан келетін басты қауіп – сақталу талаптарының орындалмауы. Тауық жұмыртқаларын ұзақ жолға тасымалдайтын жүк көліктерінің барлығында арнайы тоңазытқыштар бола бермейді. Осы себепті де өзге облыстардан әкелінетін өнім қалыпты температурада сақталмайды.

Сәйкесінше, тауық жұмыртқасының құрамы сыртқы температура әсерінен бұзылып, денсаулыққа қауіп келтіреді. Екіншіден, сол тауық жұмыртқасының қашан өндірілгені жұмыртқа сыртында көрсетілмеген. Қайда өндірілгені де жазылмаған. Нәтижесінде, қандай өнім тұтынып отырғаныңызды білмейсіз.

Басқа өңірлерден тасымалданып, араға апта уақыт салып Шымкентке жеткізілген жұмыртқаларды сақтау қиын. Нәтижесінде, жеткізуші сақталу мерзімі өтіп бара жатқан тауық жұмыртқасын арзан бағада сатуға шығарып жібереді. Тұтынушы сапасыз, сақталу мерзімі күмәнді, құрамы да белгісіз азықты тұтынуға мәжбүр болады.

21-017

Ал «Шымкент құс» ЖШС өндірген жұмыртқалардың сапасы жоғары. Өнімді сақтаудың барлық талаптары жіті бақыланған. Ең бастысы, бүгін өндірілген жұмыртқаны ертеңге қалдырмай, дер уақытында сатуға шығарады.

Компания өздері өндірген тауық жұмыртқаларының сапасына жауап береді. Күніне «Шымкент құс» ЖШС жұмыртқалары қаламыздағы 1500 сауда нүктесінде сатылады. Ірі-ірі супермаркеттердің сату сөрелеріне қойылады. Жұртшылыққа танымал кондитер фабрикалары, мейрамханалар мен наубайханалар «Шымкент құс» ЖШС өндірген жұмыртқаларды пайдаланады.

Құрметті тұтынушы, тауық жұмыртқасын сатып аларда оның қайдан, қашан өндірілгеніне мән беріңіз. Денсаулыққа пайдалы азық тұтыныңыз. Осы үшін де «Шымкент құс» ЖШС-нің тауық жұмыртқаларын таңдаңыз.

Жәнібек Нұрыш

«Оңтүстік Рабат», №21, 27.05.2015