Шымкентте құқық қорғаушылар арасында спартакиада басталды

334

Шымкент қаласында құқық қорғау органдары мен арнайы күштік құрылымдар арасында шағын футболдан IV жазғы спартакиада ашылды.

«Динамо» ДШСҚ-ның 90 жылдығына арналған спорттық шараның ашылу салтанаты 25 маусым күні Қажымұқан стадионында өтті. Оған «Динамо» бірлестігінің басшылығы, ОҚО ІІД бастығы А.Оспанов және құрметті қонақтар қатысты.

Биылғы жарыста 12 команда қатысып отыр. Олар – ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК, ҚР ІІМ ТЖМ, Ұлттық гвардия, ҚР ҰҚК шекара қызметі, бас прокуратура, ҚР МК кедендік бақылау комитеті, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызмет істер жөніндегі агенттігі, мемлекеттік күзет мекемесі және ҚР қорғаныс министрлігінің командалары. Жарыс бірнеше күнге созылады.

спартакиада по мини-футболу (3)

спартакиада по мини-футболу (1)

спартакиада по мини-футболу (4)

спартакиада по мини-футболу (5)

спартакиада по мини-футболу

спартакиада по мини-футболу (2)