Көкпаршыларымыз ерледі

215
Фото: //szh.kz

Оңтүстіктің қоржыны тағы да алтын медальмен толықты. Чемпиондарды бүгін ұлттық спорт түрлері федерациясының Оңтүстіктегі президенті Нұрмахан Жолдасов арнайы марапаттады.

Оралда өткен Қазақстан чемпионатында шымкенттік көкпаршылар ақтық сында қызылордалықтармен кездесіп, қарсыластарын 6-0 есебімен жеңген болатын. Нәтижесінде жерлестеріміз 1 млн теңгені қанжығасына байлады.

Фото: //szh.kz
Фото: //szh.kz

Сондай-ақ чемпионат барысында алғаш рет жамбы ату ресми түрде спорт түрі ретінде бекітілді. Оңтүстіктен екі үміткер ат үстінде нысанаға көздеген болатын. Бірінші доданың өзінде-ақ қоржынға олар бір алтын және бір қола медаль салды. Аударыспақпен теңге ілуден де екі алтын және төрт күміс медальды шымкенттіктер жеңіп алды.