Оңтүстікте даулы видеоға қатысты полицейлер жұмыстан шығарылады

417

Оңтүстік Қазақстанда даулы видеоның кейіпкері болған полицейлер жұмыстан шығарылады. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.

013

– Мақтаарал ауданының 1976 жылғы жергілікті тұрғыны ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарласты. Қазіргі уақытта тәртіп сақшыларына қатысты 362-бап – «Қызметтік өкілін асыра пайдалану» бойынша соттың алдындағы тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу жүргізілу үстінде. Бұл қызметкерлер ішкі істер органдарындағы қызметінен кетеді, себебі бұл жағдайда олар бұл азаматтарға әдепсіз қылық көрсетті. Олар ауызша ескерту жасауы керек еді, себебі, автомобиль жекенің мүлкі болып саналады, – дейді мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Салтанат Қаракөзова.

Еске сала кетейік, осыған дейін Интернетте даулы ролик пайда болған еді. Оның кадрларында автомобильде қос ғашықтың отырғаны көрінеді. Ролик авторлары – тәртіп сақшылары. Қыздың қолымен бетін жауып тұрғанына қарамастан тәртіп сақшылары аты-жөндерінің кім екенін айтуды талап етіп, бетін ашуды сұрайды. Біреуі қыздың қолын күшпен тартып, жүзін камераға түсірген.

Бейне Интернетке жүктелгеннен кейін бұл жұп полицейлердің роликті жарияламау үшін 1000 доллар ақша талап еткенін айтып, шағым келтірген.

tengrinews.kz