Оңтүстікте тез пісірілетін кеспе шығарылмақ

346

Облысқа іс сапармен келген Индонезияның төтенше және өкілетті елшісі Фостер Гултом кәсіпкерлермен кездесті. Тараптар алдағы уақытта ауыл шаруашылығы, тоқыма, тамақ және құрылыс салаларында бірлесіп жұмыс істемек. Ол үшін алдымен инвестиция тарту көздерін қарастырып, қос елдің нарықтың жағдайын бағамдап алады.

лапшааааа Ортақ жобаларды талқы таразысына салған қос ел іскерлері алдымен тез дайындалатын кеспе шығаруды ойластырып отыр. Бұл кәсіптің үдесінен шыққан индонезиялықтардың тәжірибесіне жергілікті кәсіпкерлер қызығушылық білдіруде. Бұл өнім бүгінде нарықта зор сұранысқа ие.

Сондықтан жоба көп ұзамай өз-өзін ақтап, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді дейді салаға жауаптылар.

Қос тарап алдағы уақытта фармацевтика, химия саласында да бірлескен жобаларды қолға алмақ. Облыс кәсіпкерлері каучук өндіруде де индонезиялықтармен бірлесуге құлшынып отыр. Шикізаттың бұл түрі Оңтүстік Шығыс Азия елінде су тегін. Сондықтан біздің кәсіпкерлер осы елден каучукты алдыртып, химия саласында өндіретін болады.