Шымкенттегі өрттен бір отбасы зардап шекті

394

Шымкентте тұрғын үйден өрт шығып, соның салдарынан бір отбасы мүшелері зардап шекті. 101 нөмірі бойынша диспетчерге қоңырау шалған Достық тұрғындары көмек сұрайды. Мұнда жеке үйдің асханасынан шыққан өрт шатырға шарпыған.

005

Дабыл бойынша оқиға орнына 3 өрт сөндіру бригадасы аттанады. Олар тілсіз жауды 45 минутта сөндірген.

006

– Өрттің кесірінен үйдегі адамдардың барлығы зардап шекті,-дейді ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары мекемесінің баспасөз хатшысы Гауһар Байымбетова. – Үй иесі, оның жұбайы мен 3 баласының денесін күйік шалған. Ең қатты зардап шеккен – 11 жасар қыз. Оның денесінің 45 пайызы күйіп қалды.

007