Батыс Европа – Батыс Қытай жолын салу кешігуде

380

Батыс Европа Батыс Қытай халықаралық дәлізіндегі Шымкент-Жамбыл облысы бағытының құрылысы кестеден кешіктіріліп жатыр. Сондықтан нысан мерзімінен кеш тапсырылуы мүмкін. Бұл туралы парламент мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібековтің Түлкібас ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде мәлім болды.

001

Айта өтейік, 2013-2014 жылдар аралағында біраз жолға асфальт пен бетон төселген. Мердігер компания қыркүйек айында тағы 40,2 шақырым жолдың құрылысын аяқтап тапсыруы тиіс болатын. Алайда, жол бойындағы жекеменшік жер телімдерінің кеш сатып алынуы құрылыс барысына кедергі келтірген. Соның салдарынан жұмысшылар жоспардағы межені еңсере алмай, техникаларды іске қосу да қиындық туғызған.

Ал жергілікті билік өкілдері жекеменшік нысандарды сатып алу мәселесі бүгінде оң шешілді. Қазір мемлекет мұқтаждығы үшін қайтарылуы тиіс жер телімдеріне қатысты сот үкімі шыққан дейді. Қалай дегенмен туындаған кедергілерге орай нысан мерзімінен 2 айға кешіктіріліп тарсырылады. Мердігер компания өкілдері жыл аяғына діттелген 40 шақырым жолдың құрылысын аяқтап, ел игілігіне тапсыруға уәде етіп отыр.