Қонаев даңғылы қалай ұзартылады?

787
Қонаев даңғылы қалай ұзартылады?...

Шымкенттегі Дінмұхамед Қонаев даңғылы әрі қарай ұзартылады. Бұл жаңалықты жұрт осыдан бірнеше жыл бұрын естіген. Содан бері жарғақ құлақтары жастыққа тимей келеді. Ал былтардан бері арнайы құлақтандыру алып, үйлерінің сүрілетінін білген. Бүгін қала әкімдігінің қызметкерлері қоғамдық тыңдау өткізіп, жобаның кезең-кезең бойынша жүзеге асатынын айтты.

Қонаев даңғылы қалай ұзартылады?...

Қоғамдық қабылдауға жиналғандар алдымен жобамен танысты. Кезең-кезеңімен жүзеге асатын жобаның құрылысы келер жылы басталады. Қаланың бас жоспарына сай Дінмұхамед Қонаев даңғылы ұзартылады. Жол ескі шаһар аумағы арқылы теміржолға дейін созылады. Көшенің ұзындығы 580 метр, ені 60 метр болады. Ол үшін 74 үйдің учаскесі қажет. Яғни, мемлекеттің мұқтаждығы үшін сүріледі деп құлақтандыру таратылып, жердің бағасы да шығып қойған.

Алайда, үйі сүрілетін азаматтар жердің бағалауымен келіспейді. Аумақтағы көлемі бірдей соттық жер бірдей бағаланып, ешкім жапа шекпеуі қажет дейді.

Қонаев даңғылы қалай ұзартылады?...

Рахима апайдың да үйі сүріледі. Бір үйде 11 адам тұрады. Басым бөлігі – мүмкіндігі шектеулі жандар. Олар баспаналарының тым арзан бағаланғанына наразы. Соттасып жүріп, өтемақыға тағы екі миллион теңге қостырғандарын айтады. Соңында қоғамдық тыңдауға келгендер мардымды жауап ала алмағандықтан шу шығарды.

Айта өтейік, мемлекетке керек болса жерін де, үйін де беруге дайын халық үкімет басындағылардан көмек сұрауға бел байлап отыр. Тек жалғыз баспаналары әділ бағаланып, күйсіз қалмасақ деген тілектері бар.

Ардақ Жақсылықова