Партиядан әділдік іздейтіндер көп

386

«Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалына жергілікті тұрєындардан түсетін арыз көп. Жыл басынан бері 600-ге жуық адам шағымданған. Оның басым бөлігі жер дауларына және коммуналдық мәселеге қатысты.

007

Бұл туралы партия филиалының есептік жиынында айтылды. Сондай-ақ, филиал төраєасы жуырда жергілікті құрамның жаңартылатынын атап өтті.

Себебі, кейбір партия өкілдерінің соңғы кездері белсенділігі бәсеңдеп кеткен. Айта кетейік, жыл басынан бері партиялық жарнаны төлемеген және партия шараларына селқостық танытқан 6 мүше қатардан шығарылған.

Олардың арасында, тіпті, сотқа шағымданған депутат та бар. Сондықтан партия филиалының төрағасы жеке бастың қамын ел мүддесінен жоғары қоятын азаматтарды шеттетеміз деп отыр.