Шымкентте мас жүргізуші тапаншамен ұсталды

468

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері тапаншасы бар мас жүргізуші ұстады. 4 тамыз күні кешкі сағат 17:00 шамасында қалалық ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығының суыт хабарлама түседі. Онда кезекші «Тойота Камри» автокөлігіне тапаншамен қаруланған мас жүргізуші рөлге отырып, Жібек жолы көшесіне қарай бағыт алғанын хабарлайды.

222

Құқық бұзушыны ұстау үшін оқиға орнына жол-патрульдік полицияның көліктегі экипажы жіберіледі. Сырттай бақылау бейнекамералардың көмегімен полицейлер Рысқұлов пен Жібек жолы көшелерінің қиылысында аталған автокөлікті тауып, оның жүргізушісін ұстады.

Рөлде отырған азамат 48 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Тінту барысында жүргізушіден оқ-дәрісі бар газды тапанша тәркіленіп алынды.

111

Полицейлер жүргізушіні медициналық орталыққа жеткізді. Сондағы сараптаманың нәтижесінде күдіктінің орта дәрежеде мас екені анықталды. Содан кейін инспекторлар бұл азаматты мән-жайды анықтау үшін Еңбекші полиция бөліміне жеткізді.

333

Қазір осы жәйт бойынша қылмыстық кодекстің 287-бабы (қаруды, оқ дәрілерді жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) және ӘҚБтК-нің 608-бабы (көлік құралын мас күйінде жүргізгені) бойынша қылмыстық істер қозғалды. Айғақты зат ретінде «ИЖ» маркалы газды тапаншасы тәркіленіп алынған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=tQWU5xM4F_4[/youtube]

Тергеу барысында ұсталған азаматтың бұған дейін жол жүру ережесін бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен айрылғаны белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.