Қалалық ішкі істер басқармасында – жаңа басшы

1104

Қалалық ішкі істер басқармасында - жаңа басшы

Шымкент қалалық ішкі істер басқармасына жаңа басшы келді. Лауазымды орынтаққа 36 жастағы полиция полковнигі Бейсенбаев Арман Арун-Рашидұлы жайғасты.

Арман Бейсенбаев бұған дейін Еңбекші полиция бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Құқық қорғау саласына 1998 жылы келген басшы облыстық ішкі істер департаментінде есірткімен күрес басқармасын да басқарған еді.

Ал бұған дейін қалалық полицейлерді басқарған Данияр Мейрхан Сайрам аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы болып тағайындалды.