Қазақстандық қыздар ЕУРО-2017 -ға іріктеу кезеңін жеңіліспен бастады

406
Әйелдер футболында европа чемпионатының алғашқы іріктеу ойыны Шымкентте өтті.

Европа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Австрияның бойжеткендерімен кездескен болатын. 90 минут бойы ала допты қуалаған қос команданың футболшылары тартысты ойын көрсете алды. Тек отандық футболшылардың шабуылдары сәтсіз аяқталып, өз қақпасын екі голдан сақтап қала алмады.

Әйелдер футболында европа чемпионатының алғашқы іріктеу ойыны Шымкентте өтті.
Әйелдер футболында европа чемпионатының алғашқы іріктеу ойыны Шымкентте өтті.

Ойынның алғашқы 45 минутында есеп ашылмады. Тек бірінші таймға берілген қосымша уақытта ғана қонақтар алға шықты. Ал, екінші голды австриялық бойжеткендер ойынның екінші жартысында сала алды. Нәтижесінде есеп 0:2.  Австриядан ат терлеткен қонақтар жеңіске жетті. Ал отандық құрама болса енді келесі ойынға дайындығын бастайды. Қыркүйектің 22-сі күні олар Астанада Норвегия құрамасына қарсы ойнайды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=CKcgp4DiNAY[/youtube]