«Елбасы мұраты – гүлденген Қазақстан, мәңгілік ел»

525

Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің алғашқы қоңырау мерекесі «Елбасы мұраты – гүлденген Қазақстан, мәңгілік ел» атты тақырыппен ұлттық тарихымызды ұлықтау, бүгінгі белестерімізді бағалау мақсатымен Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Тәуелсіз Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналды.

Аталған мерекелік жиында мектеп табалдырығын алғаш аттаған 7-сынып оқушылары мен ұстаздар ұжымы зияткерлік мектеп отбасы қатарына салтанатты түрде қабылданды.

Мереке қонақтары, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жанәбілов Болат, тарихи-өлкетану мұражайы директорының орынбасары Қошанова Биба және әдет-ғұрып, салт-дәстүр орталығы ғылым бөлімінің басшысы Оразбаев Мырзабай ұстаздар мен оқушыларға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, білім және тәрбие жолында биік шыңдардан көрінуді тіледі.

Алғашқы қоңырау мерекесі патриоттық форуммен жалғасып, оқушылар жазғы тоқсанда алған тәжірибе мен ұмытылмас естеліктерімен бөлісті.