Мүгедектердің гигиеналық құралдарын сатып алуға қатысты түсініктеме

578
ЦОН. Горсобес

Таяуда kz.otyrar.kz сайтында Оңтүстікте 100-ге жуық мемлекеттік сатып алу конкурсы заңсыз деп танылуы туралы мақала жарық көрген болатын. Онда мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқолыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары мемлекеттік сатып алу конкурстарында бірқатар заңсыздықтарды анықтағаны көрсетілген. Осыған байланысты редакциямызға Шымкент қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен ресми түсініктеме түсті. Төменде хаттың толық нұсқасы беріліп отыр.

«Қазақстан Республикасы үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» №754 қаулысына сәйкес, 1 жылға міндетті гигиеналық құралдар, оның ішінде ішек ауруы бар мүгедектерге нәжіс қабылдағыштарға 12 дана бекітілген.

Аталған қаулыға өзгерістер енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 22 қаңтардағы 2015 жылғы «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» №26 бұйрығының негізінде медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде 1 жылға міндетті гигиеналық құралдар оның ішінде ішек ауруы бар мүгедектерге нәжіс қабылдағыштар 365 дана деп көрсетілген.

Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен, оның ішінде нәжіс қабылдағыштармен қамтамасыз ету есебі бойынша 2015 жылға 1 данасының бағасы 2880 теңгеден жоспарлап, 25 азаматқа 353 данадан, барлығы 25416,0 мың теңге республикалық бюджеттен трансферттер бөлінген.

Қазақстан Республикасының 21.07.2007 жылғы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына, Қазақстан Республикасы үкіметінің 27.12.2007 жылғы №1301 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» және 15.05.2012 жылғы №623 «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу » қаулыларына сәйкес, 29.05.2015 жылы «Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен, оның ішінде нәжіс қабылдағыштармен қамтамасыз етуді электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізу туралы» Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының №93-ө бұйрығымен және 29.05.2015 «Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен, оның ішінде нәжіс қабылдағыштармен қамтамасыз етуді ҚР мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және ҚР мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізу туралы» Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының №94-ө бұйрығымен хабарландыру берілді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің 04.06.2015 жылғы №5528 хатына сәйкес, 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» №303-ІІІ заңына сәйкес, веб-порталға міндетті гигиеналық құралдар, оның ішінде нәжіс қабылдағыштарды сатып алу туралы жарияланған конкурс 08.06.2015 жылы кері қайтарылып, хаттың негізінде көрсетілген бағаға сәйкес қайта мемлекеттік сатып алу конкурсы 09.06.2015 жылы қайта жарияланды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясына 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» №303-ІІІ заңына сәйкес, веб-порталға міндетті гигиеналық құралдар, оның ішінде нәжіс қабылдағыштарды сатып алу туралы жарияланған конкурс 08.06.2015 жылы кері қайтарылып, хаттың негізінде көрсетілген бағаға сәйкес конкурс 09.06.2015 жылы қайта жарияланғаны туралы 09.06.2015 жылы №5-501 хат жолданды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңының 44-1-бабының 2-тармағына сәйкес конкурс тәсілімен өткізілуге тиісті мүгедектердің мұқтаждығына арналған тауарларды (тифлотехникалық құралдар, жүріп тұруға арналған құралдар, міндетті гигиеналық құралдар) өндіретін және (немесе) беретін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан осындай тауарларды, биыл осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде елу пайызы көлемінде алыну қажеттіліне байланысты 2 мемлекеттік электронды сатып алу конкурстары өткізіледі.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мүгедектерді міндетті гигиениалық құралдармен, оның ішінде нәжіс қабылдағыштармен қамтамасыз етуді ҚР мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және ҚР мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан электрондық мемлекеттік сатып алу конкурсына нәжі сқабылдағыштарға хабарландыру беріліп, мемлекеттік сатып алу конкурс жеңімпазы «Саңыраулардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Орал оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесімен 960 теңгеден 4412 нәжіс қабылдағышқа барлығы 4743,8 мың теңгеге 21.07.2015 жылы №112 келісім-шарт түзіліп, тауарлар қабылданып, бүгінгі таңда тарату жұмыстары жүргізілуде.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мүгедектерді міндетті гигиениалық құралдармен, оның ішінде нәжіс қабылдағыштармен қамтамасыз етуді электрондық мемлекеттік сатып алу конкурсы мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мүгедектерді міндетті гигиениалық құралдармен, оның ішінде нәжіс қабылдағыштармен қамтамасыз етуді электрондық мемлекеттік сатып алу конкурсына нәжіс қабылдағыштарға хабарландыру беріліп, электрондық сатып алу арқылы бір көзден алу тәсілімен«Торговый дом А.К-НИЕТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 960 теңгеден 4412 нәжіс қабылдағышқа барлығы 4743,8 мың теңгеге 21.07.2015 жылы №113 келісім-шарт түзіліп, тауарлар қабылданып, бүгінгі таңда тарату жұмыстары жүргізілуде.

Республикалық бюджеттен бөлінген үнемделген 15928,0 мың теңге трансферттерді кері қайтарып алу туралы Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына 07.09.2015 жылы №2-764 хат жолданды.»

Бөлім басшысы – Ж.Байғонов

Орындаған: Р.Сейдакбар
О.Орақбаева

Телефон: 56-19-35