Мектептерде отын жеткілікті

274
Шымкент. Мектеп. Көмір

Биылғы жылу беру маусымына білім мекемелері дайын. Салаға жауапты мамандар облыс әкімдігінде өткен жиында осылай есеп берді. Айтуларынша, 214 мектептегі жылу жүйелерінде сығымдау жұмыстары жүргізілген.

Шымкент. Мектеп. КөмірБюджеттік мекемелерді қажетті қатты отынмен қамту үшін 607 тонна қатты отын дайындалған. 275 тонна сұйық отынның да жеткілікті қоры жасалыпты.

Дербес жылу жүйесі бар «Достық» шағынауданындағы №69 мектеп басшылығы 2015-2016 жылдарға арналған жылу беру маусымына алдын ала қамданғандарын айтады.