Назарбаев зияткерлік мектебінде алғашқы қоңырау соғылды

858

Алғашқы қоңырау Назарбаев зияткерлік мектебінде де соғылды. Озық оқу ордасындағы 700-ге жуық шәкірт үшін жаңа оқу жылы басталды. Облыс әкімі бүгін мұндағы ұзтаздар мен шәкірттерді білім күнімен құттықтап, өрендерге сәттілік тіледі.

777777777777

Осыған дейін қаладағы білім ошақтарының бірінде оқып келген Мадина Бейсенбаева биылдан бастап Назарбаев мектебінде оқитын болды. Оқуға түсу үшін ол бір жыл бойы тыңғылықты дайындалыпты. Химия-биология саласын таңдаған жеткіншек дәрігер болсам деп армандайды.

Биыл Назарбаев мектебінде 654 оқушы білім алады. Оларға шет мемлекеттерден келген ғалымдар сабақ береді. Биыл аталмыш алтын ұядан алғашқы қарлығаштар қанат қақты.

Облыс әкімі шәкірттер мен ұстаздарды атаулы күнмен құттықтау үшін Назарбаев мектебіне ат басын бұрды. Салтанатты шарадан кейін ол ғимаратты аралап, сынып бөлмелері мен спортзалды көріп шықты. Сондай-ақ өңір басшысы өзінің мектеп жылдарындағы естеліктерімен де бөлісті.

Шымкенттегі Назарбаев зияткерлік мектебі жалпы көрсеткіш бойынша республика бойынша үштікке кіреді. Мектеп басшылығы алдағы уақытта да алар асуымыз алда деп сендірді.