Ордабасы ауданында жаңа ауыл бой көтеруі мүмкін

312
Бақытжан Әшірбаев. Бейбіт Атамқұлов.
"Ордабасы-құс" фабрикасының поселкесі

«Ордасы құс» фабрикасы жұмысшыларының өз тұрғын үй кешені болады. Әлеуметтік жоба Ықылас-Темір ауылы маңында жүзеге асады.

Бақытжан Әшірбаев. Бейбіт Атамқұлов.
Жауаптылар поселкенің сызбасын талқылауда

 

Аумағы 100 гектар тұрғын үй кешенінің жобасымен облыс басшысы танысты. Егер қолдау тауып жатса, 2017 жылы құрылысы басталады.

Әрбір жас маманға 15 соттықтан жер бөлінеді, оның баспанасы мемлекеттің қолдауымен тұрғызылады. Заманауи үлгіде бір типтік үйлер салынып, әлеуметтік нысандар да бой көтермек.

Ашық алаң. Ауыл. Ордабасы.
Құрылыс осы алаңда басталуы мүмкін

Бахтияр Тағаев, «Ордабасы құс» ЖШС өкілі: «Жоба жүзеге асып жатса, ең бірінші болып, өзімізде жұмыс істейтін мамандарға үй береміз. Сосын, әрине, тұрғын үй кезегінде тұрғандарға да беріледі. Әр отбасына 15 соттық жер бөлінеді. Оның бес соттығына бау-бақша егілуі тиіс».