Шолақ мылтық арқалап жүрген бозбала ұсталды

525
Шолақ мылтық

12 қыркүйек күні, шамамен сағат 18:00-де полицейлер Шымкент қаласындағы көшелердің біріндегі стационарлық бекетте кезекшілік кезінде сыртқы бейнебақылау камерасы арқылы сауда орталығының маңында үш жас жігіттің темекі шегіп, қалдығын жерге тастап, көпшілік пайдаланатын орынды ластап тұрғанын көреді.

Полицейлер әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін хаттама толтыру мақсатында бұзақыларды стационарлық бекетке жеткізеді. Сол кезде олардың бірінің қолында болған сөмке күдік тудырған. Содан тәртіп сақшылары тексеру кезінде 18 жасар бозбаланың сөмкесін тексеру барысында 20-калибрлі шолақ мылтық тауып алды.

Шолақ мылтық

Инспекторлар мәселенің мән-жайын тыңғылықты анықтау мақсатында бұзақыларды Еңбекші полиция бөліміне жеткізеді.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша қылмыстық кодестің 287-бабы («Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасмалдау немесе алып жүру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айғақты заттар тәркіленіп алынып, күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.