Шымкентте заңсыз саудамен күрес жалғасып жатыр

430

888888888888888888888888888888Шымкентте заңсыз саудамен күрес жалғасып жатыр. Бүгін қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары «Ақниет» шағынауданындағы бірнеше ретсіз сауда орындарын аралады. Рейд кезінде осы аумақтағы тас, құм, қиыршық тас сияқты құрылысқа қажетті материалдарды заңсыз саудалап жатқан кәсіпкерлер айыппұлға тартылды. Осыған дейін салаға жауаптылар бірнеше рет ескерту жасасаса да, пысықай саудагерлер құлақ аспай келген болатын. Айта кетейік, жыл басынан бері ретсіз саудаға жол берген 3600-ден астам кәсіпкерге айыппұл салынған.

Рейдтік шаралар автотұрақтарда жалғасты. Әл Фараби аудандық әкімдік өкілдері жергілікті полицейлермен бірлесіп заңсыз автотұрақтарда түсіндіру шараларын жүргізді. Ауданда мұндай 6  орын жұмыс істейді. Бірлескен топ бұл ретте автотұрақ иелеріне ескерту жасаумен шектеледі. Егер ескертулер еленбесе, 5 бес  айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.