Террорға қарсы тексеру қатаңдатылады

289
Облыс әкімдігі. Жиналыс.

Еліміздегі ішкі қауіпсіздікті қатаңдату үшін мемлекеттік мекемелер террорлық топтан қорғануы қажет. Бұл жөнінде құзырлы орган өкілдері мәлімдеді. Құқық қорғаушылар енді жергілікті билік отырған ғимараттарға да арнайы күзет-бақылау топтарын бекіту қажет екенін алға тартты. Себебі күтпеген жағдайдың алдын алу үшін мұндай тәртіпті тексеріп, қалыптастыру кез келген дәрежедегі шенеуніктің құзыретіне енеді.

Облыс әкімдігі. Жиналыс.

 

Елена Айтбаева, ҚР ІІМ аса ауыр істер жөніндегі жедел уәкілі: «Тексеріп-қадағалануы тиіс мекемелер 4 дәрежеде қарастырылады. Олардың біріншісі, әрине, аса маңызды мемлекеттік мекемелер, яғни, облыс әкімдігі сияқты жергілікті билік өкілдері жайғасқан ғимарат. Және стратегиялық нысан мен қауіпті өндіріс орындары, адам көп шоғырланған аймақ. 200-ден көп адам жиналған орындар, мәселен білім беру, денсаулық сақтау мекемелері мен қонақ үй осы тізімнен табылады».