30 мың адам жұмыспен қамтылды

285
ОҚО әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде әлеуметтік қорғау саласында 9 айында атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша мәжіліс өтті. Күн тәртібінде халықты жұмыспен қамтамасыз етудің 2015 жылға арналған кешенді жоспарының орындалуы талқыланды.

ОҚО әкімдігі

«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2015 жылға жалпы сомасы 5,5 млрд теңге бөлініп, 40,7 мың адамды жұмыспен қамту көзделген. Биылдың 1 қазанындағы жағдайда 43 мыңнан астам азаматқа әлеуметтік қолдау көрсетіліпті.

Оның ішінде 30 мыңнан астам қатысушы тұрақты жұмыспен қамтылса, 796 азаматқа шағын несие берілді. Ал нысаналы топтағы 1531 азаматқа әлеуметтік жұмыс орындары ашылып, 1712 жас жастар практикасына жолданды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды, жастардың (15-28 жас аралығында) жұмыссыздық деңгейі 3,4 пайызды құраса, кедейлік деңгейі былтырмен салыстырғанда 5,3 пайызға дейін төмендеді (2014 жылы 6,1%).

Мәжілістің күн тәртібіндегі екінші мәселе мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандарға еркін кіріп-шығуын қамтамасыз ету жұмыстары болатын. Бүгінгі таңға облыс бойынша 4083 әлеуметтік инфрақұрылымдық нысанға, оның ішінде 81,2%-ына немесе 3316 нысанға қатысты мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп-шығуын қамтамасыз ету белгіленді.

2015 жылы 844 нысанды бейімдеуден өткізу жоспарланса, 9 айдың қорытындысымен 659 нысан бейімдеуден өтті немесе белгіленген жоспар 78,1 пайызға орындалып отыр.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі