Ардагерлер мектепте Қазақстан тарихынан дәріс өтуді бастады

665

«Жас ұрпақ – мәңгілік елдің тірегі». Шымкентте Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне орай ардагерлер кеңесі осындай тарықырыпта игі бастаманы қолға алды. Аға буын шаһарымыздағы білім ұяларын аралап, Қазақстан тарихы пәнінен сабақ өтіп жатыр.

Сабаққа XV ғасырдағы хандықтың құрылуы, Жәнібек пен Керей ханның алғашқы қадамдары арқау болды. Айта өтейік, ардагерлер кеңесінің өкілдері тарихи тағлымы мол сабақты жыл соңына дейін жүргізіп, шаһарымыздағы мектептерді толық қамтуды жоспарлап отыр.

Нышан Байғұтов, облыстық білім саласы ардагерлері кеңесінің төрағасы: «Оқушылардың білім деңгейін көріп, қуанып қалдым. Өте жоғары деңгейде дайындалған, тарихты, оның ішінде еліміздің тарихын меңгеріп жүр. Бұл ұстаздардың біліктілігі деп білемін. Және тағы бір айта кететін жәйт, биыл хандықтың мерейтойы болғандықтан жаңа әдістемелік құралдар мен жаңа кітаптар жарық көрді. Соны оқып, сауатын арттырған педагогтарға рахмет!»

Айнұр Нұралиева, оқушы: «Тарихты оқу, хандардың ерлігін, есімдерін жаттау – біз үшін парыз. Мен «Сабалақтан» Абылай ханның шығуына қарап-ақ біздің елдің болашағы бұдан да жарық дей аламын. Мәңгілік елдің ертеңі үшін аянбай еңбек етемін, болашақта ұстаздық мамандықты таңдап, білімді шәкірттер тәрбиелеу – басты арманым».