«Биік-Қазығұрт» «Барселонамен» тең түсті

267

УЕФА чемпиондар лигасының 1/16 финалында Шымкенттiң «Биік-Қазығұрт» қыздар командасы өз алаңында Испания чемпионы «Барселонаны» қабылдады.

Матч алдында қос команданың бас бапкерлерi мен үздiк футболшыларының қатысуымен баспасөз-мәслихаты өткен болатын.

"Биік-Қазығұрт" командасы

Каталониялықтардың бас бапкерi Хавьер Лорьенс: «Биік-Қазығұрт» оңай қарсылас емес. Былтыр «Франкфурт» командасымен тең ойнады. Бiрақ бiз мұнда жеңiс үшiн келдiк. Спортшыларымыз бәсекеге дайын.».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=P33fM8UZg3A[/youtube]

Калоян Петков, «Биік-Қазығұрт» командасының бас бапкерi: «Қарсыластың атағынан сескенбеймiз. Шәкiрттерiм сақадай-сай дайын. Негiзгi құрамдағы футболшыларымыз жарақаттан аман. Жеңiске жетiп, жанкүйерлердi қуанту үшiн бар күшiмiздi саламыз.»

Ал жасыл алаңда өткен тартысты бәсеке 1:1 есебiмен тең аяқталды.

Ғабит Сапарбеков, «Оңтүстiк Қазақстан»