Наурызда адам атқан жігіт сотталуда

286
Айыпталушы

Ойыннан от шығарғанның ісі сотта қаралып жатыр. Ұлық мереке — Наурыздың көркін қашырған оқиға Арыс ауданы, Ақдала ауылында тіркелген болатын. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 34 жастағы Ғани Қадыровты атыс ұйымдастырғаны үшін айыптамақ. Еске салайық, оқыс оқиғадан бір азамат қаза болып, екеуі ауыр жарақаттанған болатын.

Айыпталушы

Айыпталушы футбол жаттықтырушысы болып қызмет еткен. Құқық қорғаушылар Ғани Қадыровтың бұған қоса 2011-2012 жылдары қылмыстық іс-әрекет жасағанын тергеу кезінде анықтаған. Ол кезде бұзақылық, арандатуышлық жасағын үшін күдіктеліпті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=g2PTrYlxpT4[/youtube]

Еске сала кетейік, 22 наурыз күніне орай ауылда футболдан жарыс ұйымдастырылған. Осы ойында жарысқа қатысушылардың арасында ерегіс туындайды. Команда жатықтырушысы қарсыласына ызаланып, екі туысқанымен қаруланып келіп, мектептің ішінен Үсеновты сыртқа шығарып алып атып тастаған. Атыс қаруынан алған дене жарақатынан жәбірленуші сол жерде қаза болған. Қаруланғандар мұнымен тоқтамай жәбірленушінің жолдастарын қуып, мектептің ішіне дейін барған.

Екі жаттықтырушы жас ойыншыға таласып қалған. Оның соңы осылай қайғылы аяқталып отыр. Бірі көз жұмып, енді бірі сотталып жатыр. Ал күдіктінің сыбайластары іздестірілуде.

Ернар Балабеков