Қазанның 14-і күні Астана уақытымен сағат 23:00-де Оңтүстіктің «Биік-Қазығұрт» командасы каталондық «Барселонамен» сынға түседі. Біздің командаға тек жеңіс қажет. Өйткені, Шымкентте өткен матчта жерлестеріміз қонақтардан басым түсе алмай, есеп 1:1 тең есеппен аяқталған болатын.
Оның үстіне шабуылшымыз Гүлнара Габелия да матч барысында жарақат алып, енді жасыл алаңға бұл жолы шыға алмайды. Осыдан екі күн бұрын Оңтүстіктің командасы Барселонаға жол тартқан болатын.
Испанияның климатына үйреніп, ойын болатын алаңмен танысу үшін уақыт аздау болғанын бапкер алға тартады. Дегенмен, чемпиондар лигасының 1/8 финалдық ойынына шығуға жерлестеріміз тырысып бағады.