Шымкент пен Барселона – әріптес қалалар

230
Шымкент пен Барселона

Шымкент пен Барселона өзара әріптестік жөнінде уағдаласты. «Ақылды» қала халықаралық конгресс-көрмесі аясында Барселона мэрінің орынбасары Жерардо Писарелло мен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов кездесті. Оның нәтижесінде қос тарап өзара қарым-қатынастың негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасты.

Шымкент пен Барселона

Шымкент қаласынан барған делегация өкілдері туризмнің дамуы, кәсіпкерлікті қолдау бағытында Барселонадан айтарлықтай тәжірибе алуға мүдделі екендерін жеткізді. Сондай-ақ, каталондықтар Шымкенттің инфроқұрылымы мен ауыл шаруашылығы саласын өркендету бағытында инвестиция салу мүмкіндігін қарастыратындарын айтты.

Шымкент әкімінің баспасөз қызметі