«Парасатты полицей» конкурсын Теріскейдің тәртіп сақшылары жеңіп алды

493
Парасатты полицей

Шымкент қаласында «Парасатты полицей» байқауы мәреге жетті. 22 және 23 қазан күндері Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияда тәртіп сақшыларының қатысуымен республикалық «Парасатты полицей» байқауы өтті. Бұл жолғы сайыста еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған, түрлі ұлт өкілдерінен құралған жалпы саны 100-ден астам тәртіп сақшыларының 20 командасы бақ сынасты.

«Парасатты полицей» республикалық байқауы биыл алтыншы рет өтіп отыр. Ол ішкі істер саласында аз жылдардың өзінде танымал, беделді шараға айналды, ондағы жеңістің де салмағы басым саналады.

Парасатты полицей

Сонымен, байқау нәтижесінде әділқазылар алқасының шешімімен бірінші орынды Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер депармаментінің «Он бесінші өңір» командасы жеңіп алды. Екінші орынды  Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің «Серт береміз» командасы, ал үшінші орынды Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің «Ұлы дала ұландары» командалары иеленді.

Парасатты полицей

Парасатты полицей

Байқау қорытындысында шараға қатысқан командаларды өзге де аталымдар бойынша  марапаттады. Олар:

– «Көрермен көзайымы» номинациясы –Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің «Бірлігіміз жарасқан» командасы;
– «Ұйымшыл команда» номинациясы –Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің «Каспий қырандары» командасы;
– «Тапқыр команда» номинациясы –Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің «Үш бақытым» командасы;
– «Өнерлі команда» номинациясы – Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің «Тараз қырандары» командасы;
– «Тілегі мен тілі бір» номинациясы –Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің «Ертіс сақшылары» командасы.

Парасатты полицей

«Парасатты полицей» байқауында жүлделі орындарды иемденген үздік командалар түрлі номинациялармен, кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сайыс соңы облыстық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарламамен ұласты.

Парасатты полицей

Ал «Парасатты полицей» республикалық байқауының көшпелі нышанын ОҚО ІІД-нің бастығы А.Оспанов Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің өкіліне табыстыды. 2016 жылы «Парасатты полицей» байқауы Ақтөбе қаласында өтетін болады.

Парасатты полицей

Парасатты полицей

Парасатты полицей