Арыстың тілшісі республикалық байқауда жеңіске жетті

391
Арыс журналисті

Арыс қаласының әкімі С.Ертай журналист Жұлдыз Өтегенованы қабылдап, жеңісімен құттықтады. Ол Елордада өткен Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған журналистер арасындағы республикалық «Шаңырақ» байқауында «Қазақстандық отансүйгіштікті нығайтудағы мемлекеттік рәміздердің мәні туралы үздік мақалалар, теле-радио бағдарламалар» аталымы бойынша жүзден жүйрік шықты.

Арыс журналисті

II халықаралық медиафорум аясында өткен шарада үміткерлер бес аталым бойынша бақ сынасты. Атап айтқанда, байқауға қатысқан 400-ден аса БАҚ қызметкері «Қазақстандық отансүйгіштікті нығайтудағы мемлекеттік рәміздердің мәні туралы үздік мақалалар, теле-радио бағдарламалар», «Мемлекеттік тілдің рөлін арттыруға бағытталған үздік мақалалар, теле-радио бағдарламалар», «Қазақстандық қоғамды этносаралық татулықты нығайтуға бағытталған үздік мақалалар, теле-радио бағдарламар», «Қазақстандық этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамытуға бағытталған үздік теле-радио бағдарламалар» және «Этномәдени бірлестіктердің қызметтерін насихаттайтын үздік  мақалалар, теле-радио бағдарламалар» аталымдары негізінде жұмысын өткізген.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі