Оңтүстіктің армрестлинг шеберлері әлемде үздік екендерін дәлелдеді

483
Армреслинг

Оңтүстіктің спортшылары Польшада топ жарды. Румия қаласында өткен әлем кубогінде 86 келідегі спортшылар арасында Қыдырғали Оңғарбаев пен 70 келілік жерлесіміз Талғат Ақтаев және Қайырхан Шәмиев алтыннан алқа тақты. Ал Шынболат Райханов, Мағжан Шамиев және Медет Оразбеков екінші орыннан көрінді. Байрақты сынақта 37 мемлекет қатысып, қазақстандық құрама бірінші орынға табан тіреді.

Оңтүстіктің армрестлинг шеберлері үздік танылды
Оңтүстіктің армрестлинг шеберлері

Осыған дейін Тараз қаласында өткен Азия кубогінде Талғат Ақтаев пен Нұрдаулет Садуақасов, Қадыр Нұрдаулет үздік танылған болатын. Нұрдаулет Көшкенбек екінші орын иеленді. Әлем чемпионы Қыдырғали Оңғарбаев та ол жолы күмістен алқа тақты.

Ал бұл жолы жерлестеріміз Таразда жіберген есені қайтара алды. Нәтижесінде еліміздің ұлттық құрамасы 37 елдің арасынан командалық есепте бірінші орыннан көрінді.