Оңтүстіктің қос командасы кубок жолынан шығып қалды

192
Есеп 0:0,ұпай саны бойынша қайсарлықтар келесі айналымға өтті

Қазақстан футбол федерациясының талабына сай биылдан бастап ел кубогі үшін сайыстың ережесі өзгерді. 2016 жылдың маусымына дейін бірінші лига командалары өзара мықтыны анықтап, жарыстың 1/8 финалына үш команда ғана жолдама алатын болды.

"Мақтаарал" командасының қосалқы ойыншылары
«Мақтаарал» командасының қосалқы ойыншылары

Сол себепті бір жеті бойында Шымкентте Қазақстан кубогін 9 команда сарапқа салуға тырысты. Үш топқа бөлінген футболшылар арасынан үздіктер ғана келесі кезеңге жолданады. Ал олар өз кезегінде премьер-лига командаларымен кубокты сарапқа салады.

Ойын басынан алаң қожайындары шабуылға көшсе де есеп өзгермеді
Ойын басынан алаң қожайындары шабуылға көшсе де есеп өзгермеді

Өкініштісі, алғашқы іріктеудің өзінде-ақ Оңтүстіктің қос командасы да бір топқа түсіп қалды. Алғашқы матчта «Қыран» мен «Мақтаарал» кездесіп, тең тарқасқан болатын. Есеп 1:1. Қызылордалықтардан шымкенттіктер басым бола алмады. «Қыран» жеңілсе, «Мақтаарал» 0:0 есебімен жарыстан шет қалды.

Трибунаға жиналған қарашаның қатары сирек болды
Трибунаға жиналған сирек жанкүйер
Есеп 0:0,ұпай саны бойынша қайсарлықтар келесі айналымға өтті
Есеп 0:0. Ұпай саны бойынша қайсарлықтар келесі айналымға өтті