Ретсіз сауданы жою жұмыстары жалғасуда

289
Ретсіз саудамен күрес

Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері салық және құқық қорғау саласының мамандарымен бірлесіп, Әл Фараби ауданы аумағы бойынша ретсіз сауда орындарына рейдтік шара ұйымдастырды.

Ретсіз саудамен күрес

Тексеруші топ Төле би көшесінде орналасқан қырғы базардың маңы мен аялдамаларды ретсіз сауда қатарларынан ашу жұмыстары жүргізілді.

– Шара барысында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ретсіз сауда иелерін заманауи талаптарға сай қалпына келтірілген сауда орындарына орналастыруға тиісті нұсқау берудеміз. Бірнеше рет айтылған ескертуге бей-жай қараған сауда иелері үшін ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тарапынан заң аясында айыппұлдар салынады, – дейді қалалық кәсіпкерлік бөлімнің сектор меңгерушісі Қайрат Базарбеков.

shymkent.gov.kz