Сарбаздар әскери ант қабылдады

955

Қарағанды мен Алматы қаласынан келген 60-тан өрен әскери борышын Оңтүстікте өтейді. Сарбаздар 35/748 әскери бөлімде Отан алдындағы міндетіне адал болуға ант беріп, жасақ құрамына енді.

37-748 әскери бөлімінің сарбазы
35-748 әскери бөлімінің сарбаздары

Қуаныш пен қобалжу, Отан алдындағы жауапкершілік жүгі. Мұндай әсерді Қарағанды мен Алматыдан келген өрендер әскери ант қабылдағанда сезінді. Әсери борышын өтеушілер сапынан Қарағандының тумасы Қазыбек Сәбитов те табылды. Жас сарбаздың айтуынша, әскери саланы таңдап, әке жолын жалғастыруға бекінген. Оның бұл шешімін қолау үшін бүгін туыстарымен қатар достары да келді.

 

Қазыбек Сәбитов
Қазыбек Сәбитов

Қазыбек Сәбитов, 35/748 әскери бөлімінің сарбазы: «Мен үшін әскери ант қабылдау – үлкен жауапкершілік, мәртебе! Қазір қобалып тұрмын. Жоғарғы оқу орнын тәмамдаған соң әскер қатарына шақырту алдым. Әрине, жасырмаймын, ата-анамды, достарымды сағындым. Бірақ елді, жерді қорғау, оған қызмет ету-менің басты парызым.»

 

35/748 әскери бөлімінде антты 65 жігіт ант қабылдап, сарбаздар қатарын толықтырды. Одан соң қару-жарақты қаншалықты меңгергендерін көрсетті. Спорттық сайыстарды, оның ішінде негізгі әскер күшінің ұрысын ұсынды. Осылайша әскери өмірге деген дайындықтарын пысықтады.

Ерлан Айтаханов, облыс әкімінің орынбасары: «Оңтүстікте қазіргі уақытта 3269 сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуде. Оның 1600-ге жуығы күзгі маусымда әскерге шақырылған. Менің ойымша олар елге, жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастырып қана қоймай, қарулы күштердің қауқарын меңгеруі қажет.»

Әскери шеру айтулы шараның мерейін асырды. Одан соң сарбаздарға туыс-жекжат және дос-жаранмен жолығуға мүмкіндік берілді.