«Agro Prom Shymkent 2015» көрмесі басталды

364
Көрме

Италияның «Моцарелласынан» асып түспесе, кем түспейтін ірімшік өзімізде де қайнатылады. Дәмі жағынан Молдова мен Польшаның алмасын артта қалдыратын қызыл-сары алмалар өз жерімізде өсіріледі. Мұның айқын дәлелі қаламызда өтіп жатқан е қойылған жергілікті өнімдер болды.

Көрме орталығы

Ас-ауқат пен  тамақ технологиясының мың сан түрі самсаған көрмеге «Айкан» ірімшік цехының мамандары да өз өнімдерін ала келіпті. Еуропалық стандартпен, түрік технологиясы бойынша «Эмир» тауар белгісімен ірімшік шығаратын компания 2013 жылы құрылған. Содан бері ірімшіктің бес түрін өндіретін цех басшылығы «Шымкент бойынша бізге бәсекелес ешкім жоқ» дейді мақтанышпен.

Фото22
Алтынбек Байысбеков

Алтынбек Байысбеков, «Айкан» ЖШС директорының орынбасары: «Шымкентте бағаны ұстап тұрған – біз. Егер біз бағаны сүтке қарап көтеретін болсақ, онда Қазақстанға Қырғызстанның, Украинаның заттары кіріп кетеді. Сондықтан олар бізбен бәсекелесе алмайды.»

Агро, фуд және хорека атты негізгі бөлімдерден тұратын көрмеге алыс-жақын шетелдердегі компаниялардың да тауарлары қойылды. Солардың бірі – немістердің «Кэрхер» компаниясы. Жинау-тазалау техникаларын шығаратын кәсіпорынның әлемнің 130-дан астам елінде өкілдіктері бар.

Фото23
Игорь Яковленко

Игорь Яковленко, «Karcher» компаниясының өкілі: «Қазақстан нарығына келгенімізге 15 жылдан асты. Ал Шымкентте ашылғанымызға тоғыз жылдан асып кетті. Біздің өнімдерге деген сұраныс көп болғандықтан, алдағы уақытта Шымкенттің барлық аумағын қамтуды жоспарлап отырмыз.»

Бүгінде облысымыздағы азық-түлік өнеркәсібінде 200-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олар осы жылдың он айында 130 млрд теңгенің тауарын өндірген.

Бұл өткен жылдың осы уақыттағы көрсеткішінен 10 млрд теңгеге артық. Енді сол кәсіпорындардың өнімін сыртқа шығаруда осы көрме аясында бірқатар шаруалар тындырылады.

Фото24
Айдос Биханов

Айдос Биханов, ОҚО кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары: «Бүгінгі таңда біз бұл көрмеге Алматы мен Астана қалаларынан көтерме сататын дистрибьюторлық желілерді шақырып отырмыз. Өйткені біздің тауар өндірушілер тауар өндіргенімен, оны нарықта таратып-сататын сол дистрибьюторлар болып табылады.

Сондықтан дистрибьюторлар келіп, біздің тауар өндірушілердің өнімдерімен танысып, өздерінің жасаған таңдауларына байланысты келісім-шарттар жасаймыз.»

Биыл алғаш рет ұйымдастырылған көрме 26 қараша күні де жалғасады.