Шымкенттің даму жоспарына алғашқы болып түріктер қызығушылық танытты

291
Түрік инвесторлары

Шымкент қаласының әкімі Түркияның Қазақстандағы атқарушы елшісі Алмат Рызак Ахан Йылмаз бен оның кеңесшісі Алпер Алтаймен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтамақтастық пен өзара әріптестік қарым-қатынас жайы сөз болды.

Түрік инвесторлары

Түркиялық инвесторлардың айтуынша, қазақ-түрік елдерінің бірлескен іскерлік жобалары тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік жағынан да үлкен мәнге ие. Айта кетейік, түрік инвесторлары алғаш болып Шымкент қаласының даму концепциясына қызығушылық танытуда.

Осы орайда қала әкімі шетелдік инвесторларды жаңа заман талабына сай құрылатын «Shymcity» шағынауданының жобалық сызбасымен таныстырды. Өз кезегінде түрік елінің өкілдері ел аумағында теңдесі жоқ халықаралық үлгідегі автопарктың жобасына қатысуға дайын екендерін айтты.

Қазақ елінің үшінші мегаполис қаласы атануға талпынған Шымкенттің жарқын келешегін бағамдай келе қонақтар сөзін «Шымкент – Қазақстанның гүлденген, өркендеген өмірінің символы болып қала береді» деген жоғары рухты сөздерімен тәмамдады.

Шымкент қаласы әкімдігі аппаратының баспасөз-қызметі