Алғашқы қар шымкенттіктерді әбігерге салды

244
Көктайғақ

Биылғы жауған алғашқы қар шымкенттіктерді әбігерге салды. Таң азанымен тайғанақтаған жаяу жүргіншілер жұмысқа кешігіп жетті. Сондай-ақ, қоғамдық көліктердің де қатынасы қиындады. Ал коммуналшылар қала көшелерін түнгі сағат 23:00-ден бастап тазалағанын, арнайы инертті материал сепкендерін айтып отыр.

Көктайғақ

Мамандардың сөздеріне сенсек, қала көшелеріне жауапты мекеменің 66 техникасы жұмылдырылған. Шаһардағы 156 басты көшеге 940 текше метр құм мен тұс себіліпті. Ал түске дейін алты жүзге жуық жұмысшысы жаяу жүргінші жолдарын тазартқан. Айта өтейік, биылғы қыс маусымына 24 мың текше метр құм, 4,5 мың тонна тұз дайындалған.

Бұл қар қарапайым халықтың да қысқа дайын еместігін байқатты. Көлік жүргізушілері желтоқсан айының келгенін аңғармаса керек, көлік дөңгелектерін ауыстырып үлгермепті. Сондай-ақ, қар тазалайтын күрегін сайламағандары да баршылық. Сондықтан қаһарлы қыстың қамына қазірден бастап қамдануға шақырамыз. Өйткені биыл қыс қатты болады деген болжам бар.

Нұрлан Жаңабай