«Алма ТВ» компаниясынан пәтер ұтып алыңыз!

374
Алма ТВ

«Алма ТВ» компаниясы өз абоненттеріне қамсыз тіршілік, қолайлы жағдай сыйлау үшін жаңа жылдық ойынға 2 пәтер тігіп отыр. Бұдан бұрын компания басшылығы жазда қос көлік пен 2000-нан астам бағалы сыйлықты абоненттеріне бар болғаны төлемді уақытында жасағаны үшін сыйлыққа тартқан болатын.

Алма-ТВ компаниясы

Бұл жолы да талап өзгерген жоқ. «Біздің мақсат – қызметке адалдықты қалыптастырып, тұрақты тұтынушылар ортасын қалыптастыру» дейді компания өкілдері.

Асқар Есімов, «Alma TV» компаниясының Шымкенттегі филиал директоры: «Төлемді уақтылы төлеп келе жатқан адал абоненттеріміз бен жаңа клиенттерімізді біз әрдайым ескеріп келеміз. Қысқы кезең бойынша жаңа жылдық ойынға компания екі пәтер тігіп, өз иелерін тапқан болатын. Жаңа жылдың қарсаңында Шымкент филиалы да өз абоненттері үшін құнды сыйлықтар дайындады.»

53 жастағы Мәрия апа 2 жылдан бері «Алма ТВ» қызметін қолданады. Басқа кабельдік жүйеге ауысу жоспарында жоқ. Себебі бұл кабельдік оператор ұсынған барлық қызмет көңілімнен шығады дейді. Тұрақты тұтынушы төлемді кешіктірмей дер кезінде жасағаны үшін бұл жолы да бағалы сыйлыққа ие болды.

Мәрия Раздықова: «Бүгін ұтысқа ие болдым, өте қуаныштымын. Осындай акциялар тек жылына 1 рет емес, тоқсан сайын өткізілсе жақсы болар еді. Компания мен онық қызметтері көңілімнен шығады.»

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Алма ТВ» компаниясы осылай өз тұтынушыларына көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ. Бүгінгі таңда компания облыс бойынша 30 мың абонентке қызмет көрсетеді.