Бөген су қоймасына 15 мың балық жіберілді

988
Балық

Бөген су қоймасына 15 мың шабақ балық жіберілді. Шабақтар «Дариябалық» серіктестігінде өсіріліп, жарты жыл бойы «Жамбыл балық» тәлімбағында жетілдірілген.

Балық

Шаруашылық балық өсірумен 2005 жылдан бері айналысады. Өнім жергілікті өңір тұрғындарына сатылады. Сазан балықтың тоған суларында өсірілген аналық тұқы бір кезеңде бір жарым миллион уылдырыққа дейін шашады. Ал өсіп-өну кезеңінде шабақтардың салмағы 350-500 грамға дейін жетеді.