Эстрада жұлдыздары шымкенттіктерді мерекемен құттықтады

457
Бүркіт

16 желтоқсан – әр қазақстандық үшін ұлық мереке. Айтулы күнді шымкенттіктер Әл Фараби алаңында қарсы алды. Мерекелік концерт жергілікті әншілердің ән тартуы мен студент жастардың бірдей қозғалған флешмоб биінен бастау алды.

Күннің салқындығына қарамай орталық алаң тұрғындарға лық толы. Келушілердің көңіл-күйлері де жоғары дәрежеде. Себебі бұл мереке – ел үшін ерекше мейрам.

005

Бұл кеште айтылған әннің барлығы дерлік Қазақстан, дархан дала, тұғырлы отанымыз турасында болды. Жастар қауымы қосыла ән шырқап, өнерпаздарды ерекше қошеметтеді.

Безымянный

Кештің соңына қарай көрермендердің саны екі есеге көбейді. 24 жылдық мерейтойға жергілікті өнерпаздардан бөлек танымал әншілер де құттықтау үшін Шымкентке арнайы келген. Мысалы, «Алл Давай» тобы студент жастарды билетсе, Бүркіт «Бәрі жақсы болады» деп әуеде етті.
Бүркіт

Патриоттық сезім мен тәуелсіздікке деген құрметті көрсете білген мерекелік кештің соңы отшашумен аяқталды. Халықтың да көңілі көтеріліп, ризашылықпен тарқасты.