Полиция мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы акция ұйымдастырды

503
«Тең мүмкіндіктер жолы» акциясы

Полицейлер мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап «Тең мүмкіндіктер жолы» акциясын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – тағдыр тәлкегіне түскен балдырғандардың жолда жүру қауіпсіздігін сақтау.

«Тең мүмкіндіктер жолы» акциясы

Шара аясында есту қабілеті төмен балаларға арналған №1 мектеп-интернатта семинар өткізіліп, жаяу жүргінші ережесінің қағидалары түсіндірілді. 3 желтоқсан – халықаралық мүгедектер күніне орай ұйымдастырылған акция барысында балдырғандар қауіпсіздік шараларын сақтауды үйренді.

Алдын алу іс-шарасы шеңберіне барлық білім беру орталықтары, мектеп-интернаттар, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу орындары жұмылдырылды. Полицейлерлер алдағы уақытта да балалармен бірлесе «Мені өз тілімде түсін!», «Бұл жағдай әр адамға кездесуі мүмкін», «Назар салыңыз, мұнда мүгедек тұрақтайды» секілді акциялар өткізуді жоспарлауда.