Прокурорлар білім саласынан олқылықтар тапты

407
прокуратурада тілішілерге есік ашық

Оңтүстіктің білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасында орын алған олқылықтар жетерлік. Тексеру жүргізген облыстық прокуратура осындай қорытынды жасап отыр.

Атап айтқанда мемлекеттік сатып алу конкурстарында кеткен кемшіліктер көп. Тендер өткізуде артықшылықтар беру және осы орайда қызмет бабын асыра пайдалану сияқты деректер анықталған.

прокуратурада тілішілерге есік ашық

Бұдан бөлек, аты дардай басқармада педагог мамандардың тапшылығынан кадр саясаты ақсап тұрғаны да айқындалыпты. Прокуратура осы сияқты олқылықтардың бәрін жинақтап, облыстық әкімдікке жіберген екен. Аталған заң бұзушылықтарды облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары да мойындап отыр.

Бір қызығы, тексеру жүргізген облыстық прокуратура өкілдері олқылықтардың атын атап, түсін түстеп берген жоқ. Айтуларынша, тәртіптік кеңесте қаралған соң ғана мәселенің мәйегін ашып, түсіндірмек.

Мақсат Жақсыбаев