Úı Jańalyqtar «Даму» қоры Шымкенттегі «Тұлпар» таксиіне көмек берді

«Даму» қоры Шымкенттегі «Тұлпар» таксиіне көмек берді

"Тұлпар" таксиі
"Тұлпар" таксиі

2012 жылы Шымкент тұрғыны «Тұлпар» такси қызметін ашты. Бұл үшін кәсіпкер Daеwoo Nexia, Hyunday Accent и Hyunday Avanta маркалы 43 автокөлік сатып алды.

Кәсіпкер қазіргі уақытта жанармай үнемдеу және пайда табу мақсатында көліктерге газ-баллон құрылғыларын орнатқан. Осылайша такси қызметінің бағасы бәсекелестерге және жеке таксистерге қарағанда айтарлықтай арзан дейді кәсіпкер.

"Тұлпар" таксиі
«Тұлпар» таксиі

Енді кәсіпкер көлік санын көбейту үшін жаңа 8 автокөлікті сатып алмақ болады. Сол үшін 2015 жылы несие алуға банкке барады. Оған қажетті несие сомасы «Даму» қорының кепілімен берілді. Кепіл несие сомасының 50%-ын құрайды.

Бұған қоса 2015 жылы таксопарк иесі «Іскерлік байланыстар» жобасының шеңберіндегі тренингтерге қатысып, өз білімін арттырды, соның нәтижесінде компаниясына жаңа маркетингтік қадам енгізгенін айтады.

— Біздің бизнесте диспетчердің тапсырысты қабылдап алған сәтінен бастап жылдам және қауіпсіз жеткізуге дейінгі клиентке көрсетілген қызметтің сапасы мен шапшаңдығы маңызды фактор болып табылады, — дейді Сағадат Қалдарбеков. — Бүгінде менің мекемемде 35 адамнан аса жұмысшы бар. Олар — жүргізушілер, диспетчерлер, автомеханиктер. Күн сайын шамамен 200-250 клиентке қызмет көрсетеміз. Жұмысқа қабылданатын барлық жүргізушілер медициналық тексеруден өтеді, көлікті жүргізу деңгейін тексереміз. Өткен жылы автопаркімды кеңейтуге бел будым. Банкке бардым, ұсынған кепіліммен тек 4-5 автокөлік қана сатып алуға мүмкіндік болады екен. Ал «Даму» қорының кепілінің көмегімен мен 8 автокөлік сатып алуға қажетті несие алдым.