Мамандар: «H1N1 вирусы – доңыз тұмауы емес»

309
Тұмау

H1N1 вирусы – доңыз тұмауы емес, кәдімгі маусымдық сырқат. Ел арасында қауіпті дерт туралы қауесетті мамандар осылай жоққа шығарды. Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының өкілдері коммуникациялар орталығының Оңтүстіктегі филиалында тілшілердің басын қосып, брифинг өткізді.

Тұтунышардың құқығын қорғау

Мамандардың айтуларынша, осыдан 6 жыл бұрын бұл тұмау қатерлі болып есептелген. Ал қазір аталған сырқат түріне қарсы қоғамның иммунитеті пайда болыпты.

Дер кезінде ем-дом жасап, дәрігерге көрінсе, вирустан қауіп жоқ. Бүгінге дейін тұмаудың 37 жағдайы тіркелгенін хабарлаған болатынбыз. Оның барлығы дерлік қазір ауруханадан құлан-таза айығып шықты дейді мамандар.

ТұмауАйта кету керек, былтыр тұмауға қарсы 450 мың адам екпе алған. Бұл Оңтүстік жұртының 16,6 пайызын ғана құрайды. Аталған дертке қарсы екпе алғандардың бірде-бірі сырқатқа шалдықпапты. Бүгінге дейін тұмау жұқтырғандардың 10-ы жүкті әйелдер болса, 17-сі – 14 жасқа дейінгі балалар.

Қазір облыста арнайы топ құрылып, олар аудан-қалалардағы мектептер мен балабақшаларды және емдеу мекемелерін аралап жүр. Мамандар дене қызуы бар немесе жөтелген шәкірттерді сабаққа кіргізбей бірден үйіне қайтаруға кеңес береді. Ал ата-аналар үй жағдайында емдемей, дәрігердің көмегіне жүгінуі тиіс деген ақыл айтты.

Мақсат Жақсыбаев