Оңтүстіктің намысын Камерун футболшылары қорғайды

235
"Биік-Қазығұрт" командасының жаңа құрамы

Оңтүстіктің «Биік-Қазығұрт» командасы 2016 жылға дайындығын бастады. Команда құрамы өзгерген. Енді Оңтүстіктің намысын жастар арасында өткен әлем чемпионатаның күміс жүлдегері Вероника Ихезуо қорғайды. 20 жастағы нигериялық ойыншы бұл жарыстың үздік шабуылшысы атанған.

"Биік-Қазығұрт" командасының жаңа құрамы
«Биік-Қазығұрт» командасының жаңа құрамы

Сондай-ақ, шымкенттіктердің арасынан Бортникова Светлана, Демидова Мария, Абишева Зулейра команда құрамын толықтырады. Көкшетаулық Камила Құлмағанбетова және Екатерина Пяткина да дайындыққа шақырылған. Камерун құрамасының ойыншылары Жозефин Нганди және Джаки Месомо да Шымкентте жаттығуда.