«Отырар» кітапханасында 1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығы атап өтілді

372

Биыл ел тарихында орны айрықша 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жыл толады. Осыған байланысты Шымкенттегі Отырар кітапханасында «Тарихи тұлғалар тағлымы» атты оқырмандар конференциясы өтті.

"Отырар" кітапханасыТарихшы ғалымдар жастармен кездесіп, батыр бабаларымыздың ерлігін әспеттейтін айтулы кезең туралы пікірдерін ортаға салды. Зиялы қауым осынау тарихи белес жаңа қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие дейді.

Ел ағаларының айтуынша, жас ұрпақ Қазақ даласында болған ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи мәнін әлі түсіне қойған жоқ.